Халықаралық Қазақстан - Түркия лицейі
Uluslarası Kazakistan- Türkiye Lisesi
Международный Лицей Казахстан- Турция

                               Тарих және миссия

                                   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
                                         ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН –ТҮРКИЯ ЛИЦЕЙІ ( ХҚТЛ)

  «Халықаралық Қазақстан-Түркия Лицейі» (ХҚТЛ)- 2015 жылы қараша айында Алматыда құрылған және 2016 жылының сәуір айында ашылған орта дәрежелі халықаралық білім беру мекемесі. Құрылтайшылары 1998 жылында Алматы қаласында құрылған «Орталық Азия Мәдениет Қоры» қоғамдық қоры және ол ие болған « Шет тілдер және іскерлік карьера университеті» (ШТІКУ) болып табылады. Түркия Республикасы азаматы іскер адамдармен Қазақстан Республикасы азаматы зиялы қауым бірігіп жаңа тәуелсіз Ел болған Қазақстанның материалды және рухани көмектесті, өлкеде білім мен ғылымның дамуына өз үлесін қосу, Қазақ Еліндегі Түрік лобісінің әулетінің орта дәрежелі мектепте оқуын қамтамасыз ету мақсаттарымен Халықаралық Қазақстан-Түркия Лицейі» (ХҚТЛ) ашылған болатын. Лицей әрі құрылтайшылары әрі Жарғысы жағынан халықаралық ерекшеліктегі жалғыз орта дәрежелі білім мекемесі болып қабылданады. Сонымен қатар ХҚТЛ- Қазақстандық жастармен Түркиялық жастарды бір-біріне жақындатып, түркі халықтар арасындағы туыстық және бауырлық, ғылым және мәдениет байланыстарын нығайтуды мақсат тұтады. Ал «сапалы білім және саналы тәрбие» Лицейдің негізгі мақсаты.
   Халықаралық Қазақстан-Түркия Лицейі» (ХҚТЛ)- бірнеше өзгешеліктерге иеленіп отыр. Атап айтқанда Жарғысы негізінде заманауи және халықаралық талаптармен стандарттарға сәйкес оқу бағдарламаларын жүзеге асырады. Педагогтар құрамы мен басқарушылар қонкурс арқылы жұмысқа қабылданады. Қазақстан Республикасының білім және ғылым, тәлім және тәрбие туралы зандарын, БжҒМ-нің талаптары мен бұйрықтарын қызмет көрсетуде негіз алған Лицей оқу бағдарламаларында математика, шет тілдері, логика және ана тілі дәрістеріне көп мән береді, артық орын бөледі. Топтарда көп дегенде 20 оқушы болады және оқушылардың арнайы киімдері-форматтары болады. Оқу үдерісі 4 тілде жүргізіледі: Қазақша, орысша, түрікше, ағылшынша. Теориялық дәрістермен практикалық сабақтар катар жүреді, тәлім мен тәрбие қатар жүргізіледі. Оқу құралдары, оқулықтар тегін беріледі, электронды кітапхана және кітаптар кітапханасы тиісті оқу құралдары, әдебиет, журнал және қажетті оқу материалдарымен қамтамасыз етіледі.
    Халықаралық Қазақстан-Түркия Лицейі» (ХҚТЛ-де ата-аналар мен оқушылардың талаптарына үлкен көңіл аударылады. Олардың әлеуметтік-мәдени, экономикалық және басқа да жағдайларымен қажеттіліктері назарға алына отырып тиісті шаралар атқарылады, шешімдер қабылданады, төлем ақысына жеңілдік беріледі, жатақханада орын бөлінеді, материалды және рухани мүмкіндіктер беріледі. 10 және 11 сынып білім алушылары ақысыз жоғары оқу орындарына (ЕНТ/ҰБТ) дайындалады, қажеттілік бойынша оқушыларға тегін қосымша дәріс беріледі, түлектердің ұлттық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсіп жоғары білім алуларына үлес қосылады.
    Халықаралық Қазақстан-Түркия Лицейі» (ХҚТЛ)-де оқушылар заманауи жабдықтармен жабдықталған оқу ғимараттарында, аудиториялар мен кабинеттерде, сыныптарда, зертханаларда оқиды, кітапхана, жатақхана, асхана, буфет-кантин, спорт залы, мұражай және басқа да әлеуметтік-мәдени мекемелерде тәлім және тәрбие алып, білімді-білікті, мәдениетті, бейбітшіл, адами касиеті жоғары және патриоттық сезімдері күшті жандар болып тәрбиеленеді. Ана тіліне қоса ағылшын және түрік тілдерін жоғары денгейде менгеріп, француз, неміс. Араб, корей, қытай тілдерінен біреуін де біліп алып лицейді аяқтайды, күшті түлек болып жоғары оқу орындарының есіктерін аралайды.
Халықаралық Қазақстан-Түркия Лицейі» (ХҚТЛ)- 2015-2016 оқу жылынан бастап 2021-2022 оқу жылына дейін Алматы қаласы қазыбек би № 168 көшесі мекен жайындағы оқу қорпусында оқуған соң, 2022-2023 оқу жылынан бастап Мақатаева көшесі қиылысы- Қожамқулова көшесі № 34 мекен-жайындағы жаңа оқу корпустарында білім-ғылым, тәлім-тәрбие саласында қызмет көрсетуді жалғастырады. Осы орайда, ХҚТЛ-нің жаңа оқу ғимараттары құтты болсын. 4 қабаттан тұрған екі оқу ғимараты заманауи жабдықтармен жабдықталған болып, тиісті әлеуметтік, мәдени және ғылыми органдармен қызмет көрсетуге дайын. Үлкен зал, жиналыс залдары, лабораториялар, аудиториялар, кабинеттер, кітапханалар, демалыс аймақтары, мед-пункт, спорт залы және асханасы, кантин-буфеттері талапқа сай безендірген болып, оқушыларды күтіп отыр.
    Бұл Лицейде Қазақстанның болашағы жастар білім алады!      
                                               
                                               Академик Сабри Хизметли
                                               ХҚТЛ Жоғары Басқару Органының Президенті

Лицей директоры Кусмолдаев Жанат Нурасылұлы



Халықаралық Қазақстан-Түркия лицей директоры Кусмолдаев Жанат Нурасылұлы білім беру мекемесінің кеңесімен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп лицейдің даму бағдарламаларын, оқу жоспарларын, курстарды, пәндерді, жылдық оқу кестелерін, ішкі тәртіп ережелерін әзірлейді, бекітеді және жүзеге асырады.
Лицей мұғалімдерінің және басқа да қызметкерлерінің жұмысын жоспарлайды, үйлестіреді және бақылайды. Педагогикалық кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады. Қызметкерлердің қызметтік міндеттерін анықтайды, олардың кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай жасайды. Шығармашылығын ынталандырады. Ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қолдайды. Оқушылар контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оқу үдерісінің оқу жоспарына сәйкес білім беру бағдарламаларының орындалуына, түлектердің білім сапасына, өмірі мен денсаулығына, білім алушылардың және оқу орны қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарының оқу процесінде сақталуына жауапты болады.

Лицейдегі инновация

Халықаралық Қазақстан - Түркия лицейі балаларға ерекше атмосферада оқуды бастауға және олардың қабілеттерін дамытуға көмектесетін өзіндік тәсілдер мен әдістерді әзірледі.

  • Сыныпта оқушылар аз

    Біздің лицей шағын сыныптарға бағытталған – бір сыныпқа 7-10 оқушыдан келеді. Сондықтан біздің лицейде әрбір балағы мұғалім максималды уақыт бөледі.

  • Керемет мұғалімдер

    Біздің мұғалімдер «Жыл мұғалімі» бағдарламаларының тұрақты қатысушылары. Олардың білімі және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі лицейдің сапасына жоғары стандарт қояды.

  • Білім беру тілдері
    Қазақ тілі, Орыс тілі, Ағылшын тілі, Түрік тілі
    Болашағыңыздың жарқын болуы мен табысты жұмыс табуыңыз, алаңсыз өмір сүруіңіз үшін қызмет көрсетеміз!                                             ХҚТЛ - мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде кез келген салада өз мамандығы бойынша жұмыс істей алатын, үлгілі мінез - құлықта, көп тіл білетін және қазіргі заманның ғылым мен мәдениетінде өз орны болатын ұрпақ тәрбиелеуді мақсат етеді.
  • Лицейдің ерекшілігі

    ●    Тандау бойынша қазақ , түрік , орыс және ағылшын топтарда білім алу .
    ●    Түрік және ағылшын тілдері, математика тереңдетіліп оқытылады
    ●    Шетел тілдерін толығынан меңгеру
    ●    Түркия мемлекетінің ЖОО - на оқуға түсу мүмкіндігі
    ●    ХҚТЛ - де білім беру жүйесі қамтиды: араб, қытай, француз және неміс тілдерін қосымша оқыту
    ●    Үй тапсырмаларын орындау қосымша білім беру( үйірмелер ): бейнелеу өнері, хореография, вокал, шахмат, әр түрлі спорттық секциялар
    ●    ХҚТЛ Қазақстандық оқушыларға қоса Туркия, ТМД елдерінің, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан , Әзербайжан, Моңғолия, Қытай және басқа да көрші мемлекеттердің балаларына есігін ашып , дәнекер сипатта бір ғылым ордасы екенін көрсетуде .

Білімдінің сөзі – ем,


 Мейірімі көп, өзі кең! 

Мағжан Жұмабаев

Мұғалімдер

Біздің мұғалімдердің барлығы тәжірибелі және сертификатталған мамандар, соның ішінде Ресейдің еңбек сіңірген мұғалімдері. Мұғалімдердің жартысынан көбі өздерінің қосымша бағдарламаларын жүргізеді.

  • Рахмидинов Абдиманап Жамалдинович
    Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
  • Рсбекова Зәуре Адильбековна
     Ағылшын тілі пәні мұғалімі
  • Мухамадиева Фарида Музапаровна 
    Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
  • Султанова Ботакоз Назарбаева
    Математика пәні
  • Нурушева Кульжахан Дюсебаевна
    Химия пәні мұғалімі
  • Рамазан Гюнгор
    Түрік тілі мұғалімі
  • Сухамбай Айдана Асхатқызы
    Ағылшын тілі пәні мұғалімі
  • Амангелді Айгерім Бауыржанқызы 
    Ағылшын тілі пәні мұғалімі
  • Süheyla Dönmez

    Түрік тілі пәні мұғалімі
  • Спан Ұлжан Женисбекқызы
     Математика пәні мұғалімі
  • Адеков Расул Сайдалимович
     Дене шынықтыру пәні мұғалімі
  • Кундызбаева Шынар Тулеубаевна
    Қазақ тілі пәні мұғалімі
  • Косымова Мәдина Айдынғалықызы
    Түрік тілі пәні мұғалімі
  • Muhammet Erkam Avcı
    Türkçe Öğretmeni
  • Ерполатова Жазира Ергалиевна
    Қазақстан тарихы пәні мұғалімі
  • Сансызбай Эльнара Бақытжанқызы
    Тарих пәні мұғалімі
  • Ербосын Жанна Балхашқызы
    Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
  • Амирашева Лаура Кенесовна
    Биология пәнінің мұғалімі
  • Құныпия Аида Нурқанатқызы 
    Алғашқы әскери дайындық
  • Бекмухамбетов Сабыржан Думанович
    География пәні мұғалімі

Оқыту бағдарламасы

Негізгі бағдарлама

Лицейдегі іс-шара
Іс-шаралар бағдарламасы 2021-2022 оқу жылына арналған
Тәрбие жұмысы
2021-2022 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары

Біздің түлектеріміз беделді ЖОО оқуға түсті

Әр сыныпқа 7-10 оқушыдан келеді. Мұғалім барлығына назар аударады.

жыл сайын 20-дан астам оқушы келеді біздің лицейге оқуға.

Сұрақтарыңыз бар ма?

Біз ата-аналардан жиі қойылатын сұрақтарды жинадық. Сіздер лицейге қабылдау, сабақ кестесі, лицей жабдықтары және басқа да маңызды мәселелер туралы біле аласыз.

  • Екатерина:
    Как попасть в школу?
    Школа:
    Родители и будущие ученики должны прийти на интервью в школу. Ребенок пройдет небольшой тест, на основе которого мы примем решение о зачислении в школу.
  • Мария:
    Какие документы нужны?
    Школа:
    Родителям нужен паспорт, ребенку – свидетельство о рождениях и справка о прививках, если имеется.
  • Сергей:
    Моей дочери 5 лет. Она может начать учиться?
    Школа:
    Она может пройти интервью и тест. Но обучение в нашей школе начинают дети от 6 лет.
Халықаралық Қазақстан-Түркия лицей 

Алматы, Қазақстан
© 2016 Халықаралық Қазақстан-Түркия лицей 
STOCK PHOTOS FROM
Все фотоматериалы и тексты принадлежат их владельцам и используются для демонстрации. Пожалуйста, не используйте контент шаблона в коммерческих целях.