Мақсаты, миссиясы және болашағы

Мақсаты, миссиясы және болашағы

Пайымдау

Халықаралық Қазақстан-Түркия лицейі (ХҚТЛ), Қазақстан Республикасының және халықаралық стандарттарға, заманауи қағидалар мен құндылықтарға, ғылым мен білімге, тәлім-тәрбиеге қатысты заңнамаларға, нормативтік құқықтық актілерге негізделген өз стратегиясы мен жоғары мақсаттары, жобалары бар орта білім беру мекемесі.

ХҚТЛ сапалы білім алған, оқуда жоғары жетістіктерге жеткен, ана тілінен басқа ағылшын және түрік тілдерін жетік меңгерген, пайдалы іс жасап, отбасына, еліне, қоғамына, күллі адамзатқа қызмет етемін деген адамгершілікті, иманды, білімді, саналы шәкірттерді тәрбиелеуді көздейді.

ХҚТЛ түлектері қазіргі әлемге дайын, дені сау, білімді, бірнеше тілді меңгерген, еліміздің болашақ дамуына үлес қосуға қабілетті және жауапты, белсенді өмірлік көзқарасы бар, бойына адамгершілік құндылықтарды дарытқан, өршілдігі күшті мақсаткер, еңбекқор, жаңашыл, толерантты, жаһандық қоғамның болашақ көшбасшысы.

ХҚТЛ түлектері беделді қазақстандық және шетелдік университеттерге оқуға түсіп, аяқтайды әрі еңбек нарығында табысты бәсекелесе алады.

Миссия

ХҚТЛД-дің негізгі миссиясы: Оқушыларға «Сапалы білім, саналы тәрбие» беру, білімді, еңбекқор, қамқор, көп тілді, талантты жастарды тәрбиелеу. Оқушының жеке қызығушылығы мен қабілетін, дағдысы мен бейімділігін ескере отырып, әрбір жеке тұлғаның потенциал-қуатын барынша арттыру. Жас ұрпақтың ойлау, түсіну, зерттеу және проблемаларды шешу құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беру.

Мақсат

ХҚТЛ-дің негізгі мақсаты - білім алушылардың зияткерлік, адамгершілік, физикалық дамуына, бәсекеге қабілетті және әлеуметтік белсенді болуына ықпал ету. Тұлғаның интеллектуалдық дамуына, сауаттылығының жоғары деңгейіне, танымдық белсенділікке тұрақты мотивациясына және көп тілді білуге ​​ықпал ететін білім беру кеңістігін қалыптастыру.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Әділдік, тазалық, тұрақтылық

Академиялық еркіндік және жауапкершілік

Үздік дәстүр мен инновацияның үйлесімі

Ашықтық, айқындық және сенім

Сапаны қамтамасыз ету

Әлеуметтік қолдау

Ұлттық және рухани байлық

Біздің болашағымыз

ХҚТЛ жастарға бақытты, жарқын болашақ және сәтті күндерді ұсынады. «Оқу – білім үшін», «Білімнің негізі мен алыс мақсаты – сапа», «Ең бағалы инвестиция – жастар үшін» деген ұрандарды қабылдап, дамытқысы келеді. Ол өзінің білім беру тәсілі мен жүйесін осы құндылықтарға негіздейді.

ХҚТЛ болашақта еліміздің, өңірдің және әлемнің атақты мектебі, бренд орта білім беру мекемесі болғысы келеді.